• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздіктің негізін қалаушы

514 рет
көрсетілді

– Біз, міне, жиырма жыл бо­йына тұрақтылық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Жиырма жыл бойы еліміз ерекше дамып келеді. Осы жиырма жыл ішінде Қазақ­станды дүние жүзі танып, білді, Елбасының сындарлы саясаты ар­қылы әлемге танылды. Жиырма жыл ішінде адам айтса нанғысыз орасан зор істер атқарылды, елдің бірлігі нығайды. Жаңа саясаттың арқасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандық­­тары­­­ның қорғалуы жан-жақты қам­тамасыз етілді. Экономикамыз ая­ғынан қаз тұрып, қай салада бол­масын өрлеу, өсу, өркендеу қанат жайды. Алыс, жақыннан, сонау шетелдерден келіп жатқан адамдар біздің еліміздегі айрықша жа­ңа­лықтар мен жаҺандық өзге­­­ріс­терді байқап, өркениеттің өзегі ор­наған Қазақстанға, осының бә­рін жүзеге асырып жатқан Нұр­сұл­тан Назарбаевтың еңбегі мен ерлігіне шын мәнінде таңданыс­тарын білдіреді. Өйткені, Елбасы біздің еліміздің Тәуелсіздігінің негізін қалаушы болып табылады. Демек, осының бәрі біздің Пре­зидентіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз екендігі даусыз. Сондықтан да халқымыз біздің Президентті аса құрмет тұтып, ерекше сенім білдірді. Ендеше, менің айтарым, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасына айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла оты­рып, «Халық Қаһарманы» ата­ғын беру туралы Үкметтің ұсы­ны­сын ең дұрыс шешім деп тау­ып, қолдайтындығымды білдіремін. Юрий ЦХАЙ, Парламент Сенатының депутаты.