• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Сәуір, 2018

Мәжіліс Төрағасы Марокко Корольдігінің елшісін қабылдады

341 рет
көрсетілді

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Марокко Қазақстанның Солтүстік Афри­ка­дағы маңызды әріптесі екенін айтты.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орна­ғанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз арасындағы байланыс сындарлы дамып келеді.

Мәжіліс Спикерінің пікі­рінше, БҰҰ, ИЫҰ, Африка ода­ғы ұйымдары деңгейінде ха­лық­аралық өзекті мәселелер бойын­ша біздің елдеріміздің ұстаны­мы өте жақын. Осы ретте Н. Нығ­матулин Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қақтығыстарды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға баса назар аударатындығының маңыздылығына тоқталды.

Одан әрі кездесу иелері сауда-экономикалық, мәдени-гу­ма­нитарлық әріптестік жайын тал­қы­лады.

Н.Нығматулиннің айтуын­ша, біздің елдеріміз арасында көлік-логистика саласын пайда­ла­нудың әлеуеті зор. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылды тереңдетудің мүмкіндігі мол.

Сонымен бірге машина жасау, ауыл шаруашылығы, «жасыл энергетика» салаларында ынтымақтастықты күшейту басым бағыттардың бірі болып табылады.

Өз кезегінде Абделжалил Саубри біздің елдеріміз ара­сын­дағы саяси әрі дипломатиялық қаты­настың өте жоғары деңгей­де екенін және Марокко өзара ық­палдастықты одан әрі терең­де­туге ынталы екенін жеткізді.

Тараптар парламентаралық байланыс жайын сөз еткенде ынтымақтастық жөніндегі топ, сондай-ақ бейінді комитеттер төңірегінде әріптестік Қазақстан мен Марокко арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға зор ықпал ететінін айтты.