Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту деп білемін.
Бастамалармен таныса келе, Қазақстан экономикасының дәуірлеуі заңды құбылыс екендігін аңғардым. Осы бастамалар арқылы Қазақстан әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ұлттық бірлікті бекемдей түсері анық. Бұл жаһандық экономикадағы жағымсыз жайттарға қарамастан елдің ішкі экономикалық өсімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам деп есептеймін.
Сондықтан «Президенттік бес бастама» уақыт талабы және көкжиегі көрінген нақты жоспар екендігіне сөз жоқ. Жалпылай алғанда, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары арқылы әлеуметке бейімделгенін, Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына сәйкес даму жолына түскендігін көрсетті. Сайып келгенде, бұл бастамалар билік пен халықтың сенімді ара қатынасының көрсеткіші болып отыр.
Петр ГУЗОВСКИ, Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы