Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру жөніндегі бастамаға түсініктеме берді:
«Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық тарихында елімізді қиын-қыстау кезеңнен шығарып, биік асуларға жеткізген ұлы тұлғамыз – ол, әрине, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тікелей Елбасының ерен еңбегінің, Елбасының ерлігінің, салиқалы саясатының арқасында біз көптеген қиындықтарды жеңіп, бүкіл әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдық. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы біздің халқымыз үшін бұрыннан да халық қаһарманы және әрқашанда елі қолдайтын ерекше тұлға екені сөзсіз», деді Н.Нығматулин.
«Егемен-ақпарат».