«Альпі Туры» велокөпкүндігінде «Астана» велокомандасы тағы да жарқырап өнер көрсетті. Пельо Бильбаоның кешегі жеңісінен кейін, аты аңызға айналған Альпе ди Пампеаго асуында өткен екінші кезеңде Мигель Анхель Лопес екінші жеңісті әкелді.
M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЛопес франциялық Тибо Пино мен колумбиялық Иван Рамиро Соусадан тұратын көшбасшылар тобынан озып шықты.
– Әріптестерім маған ғаламат көмек көрсетті. Соңғы сәтте қасымда әріптестерім көп болды да, соның арқасында өзімді тамаша сезіндім. Асудың өте қиын болғанына қарамастан, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Атақты чемпиондардың жолымен жүріп өткеніме ризамын. Ян Хирттің шабуылын көріп риза болдым, бұл бір тамаша мүмкіндік еді. Кейіннен оны қарсыластар қуып жетіп алғаннан кейін мен тек өз басымдылығымды ұстап отырдым. Жарыстың түбі спринтпен аяқталатынын біліп, барынша күшімді сақтауға тырыстым, – деді Мигель Анхель Лопес.
«Альпі Турының» екінші кезеңі Лавароне елді мекенінде басталып, 145,5 шақырымнан соң атақты асу Альпе ди Пампеагода аяқталды. «Астана» екі күн қатарынан жарысты жоғары деңгейде өткізді. Хирт 2,5 шақырым қалғанда көшбасшылар шабуылына жетіп алғысы келген. Алайда 500-600 метрден кейін оны қуып жетті. Бірақ соңғы 2 шақырымда ешкім басымдық ала алмады. Көшбасшылар барлығы біркелкі келіп, Мигель Анхель Лопес кезең жеңімпазы атанды.
Жалпы, есептің көшбасшысы болып Иван Рамиро Соуса танылды. Көшбасшыға 6 секунд жеңіліп тұрған Мигель Анхель Лопес 3-сатыға табан тіреді.
Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан»