• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2018

«Самұрық-Энергоның» І-тоқсандағы операциялық табысы 33%-ға өсті 

124 рет
көрсетілді

2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның операциялық табысы 17,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл былтырғы жылдың дәл осындай көрсеткішінен 33%-ға жоғары.  Есепті кезең ішінде EBITDA 29,7 млрд. теңгені құрады, яғни өсім - 20% немесе 4,9 млрд. теңге. Жалпы табыс 13,4 млрд. теңге шамасында бағаланды.

Самұрық-Энергоның қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруына өндірістік қуат көздерін оңтайлы жүктеу, өндіріс көлемін ұлғайту және электр энергиясын сату, соның ішінде экспортқа шығару арқылы қол жеткізілді. 

)аңтар-наурызындағы кіріс 73,6 млрд. теңгеден асты, бұл ретте энергия өндіретін жетекші кәсіпорындар – ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2 электр энергиясын белгіленген шекті тарифтен төмен бағамен бәсекелестік ортада сатуда.

Есепті кезең ішінде 9 млрд. кВтсағ. электр энергиясын өндіру қамтамасыз етілді, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 23%-ға жоғары. РФ-ға экспорттау көлемі  84%-ға ұлғайып, 1,627 млрд. кВтсағатты құрады. Көмір өндіру 11,7 млн. тоннаға жетті, бұл 2017 жылдың дәл осындай кезеңінен 16%-ға жоғары. Жылу энергиясын өндіру мен сату көлемі жоспарлы көрсеткіштер шегінде қалды.    

«Самұрық-Энерго» АҚ аса ірі электр-энергетикалық холдинг болып табылады, оның акциялары  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі.  Электр станцияларының белгіленген қуаты 6,8 гигаватты немесе БЭЖ-дің жиынтық қуатының  31%-ын құрайды.  

2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы болып 28,6 млрд. кВтсағ. өндіріліп, Самұрық-Энергоның электр энергиясын өндіру секторындағы үлесі 24-тен 28%-ға артты. Топ құрамындағы компаниялар былтыр Қазақстанда жасыл электр энергиясының әрбір үшінші кВтсағ. өндірілуін қамтамасыз етті.