• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2018

Түлкібаста туристер санын 20 мыңнан асыру жоспарлануда

231 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында 2025 жылға дейін жыл сайынғы туристер санын 20 мыңнан асыру жоспарлануда. Ал өткен жылы 12 мыңнан астам турист келген, оның  7 пайызы шетел азаматтары.

Жоспарланған межеге жету мақсатында жалпы құны 347 млн. теңгені құрайтын "Жайлау" емдеу-сауықтыру орталығы салынады. Сыйымдылығы 100 орындық орталықта 50 жұмыс орны ашылып, 2000 турист қамтылмақ. Сондай-ақ, «Саумалмен емдеу орталығы» қызмет көрсететін болады. Ақсу өзені шатқалында, яғни  Иірсу елді мекеніне 8 шақырым жерде теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан жерде табиғатты тамашалау алаңы құрылмақ. Жобаларды 2019 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай жобаларды жария еткен Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков биыл жалпы өңірлік өнім межесін 70 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отырғанын мәлім етті. «Ауданға былтыр 18 млрд. 206 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылса, өнеркәсіп кәсіпорындары 22 млрд. 682 млн. 671 мың. теңгенің өнімін өндірген. Аудан бойынша белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны 6310 бірлікке жетіп, өндірілген өнім көлемі 34,2 млрд. теңгені құрады. Ал салық төлемдері 272,6 млн. теңгеге жетіп, 2,7 пайызға артты», - деді Н.Тұрашбеков.

Сондай-ақ, ауданда «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 99,4 млрд. теңгелік 10 жоба енген. Бүгінгі таңда құны 1,2 млрд. теңгелік 3 жоба жүзеге асқан. 2018-2020 жылдары жалпы құны 98,2 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы