• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2018

Өскеменде «100 жаңа оқулық» жобасын талқылады

448 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай күні аясында Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жиын өтті. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары, «Жаңғыру жол» жастар штабының мүшелері мен этномәдени бірлестік белсенділері қатысқан шара барысында кездесуге жиылғандар жобаның маңыздылығына жан-жақты тоқталды. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бір жыл көлемінде аз жұмыс атқарылған жоқ. Осы ретте «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ерекше айтуға болады.

Бұл – жастарға арналған ауқымды жоба. Әлемнің ең үздік авторларының еңбектерін енді сіздер қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алдыңыздар», - деді Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Элдар Төлеубекұлы жиынның ашылуында сөйлеген сөзінде. Тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі Әділ Сайлаубек бұл жоба мемлекеттік тілдің мерейін асыратын маңызды қадамдардың бірі екендігін айтты. «Жобаның ерекшелігі, құндылығы – біз бұған дейін көптеген еңбектерді орыс тілінде оқып келсек, енді түпнұсқадан аударылған туындаларды оқуға мүмкіндік туып отыр.

Бұл өз кезегінде ана тіліміздің қоғамдағы рөлін нығайта түсуге ықпал етеді», - дейді ол. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Майра Шүршітбайқызы жобаның оқытушылар үшін де, студенттер үшін маңызы зор екендігін тілге тиек етті. «Біз алдағы уақытта әлемдегі айтулы оқу орындарының білім беру бағдарламасындағы оқулықтармен өз студенттерімізге дәріс оқитын боламыз. Мен философия және дінтану пәндерінен дәріс оқимын. Бұған дейін осы пәндерге қатысты оқулықтардың жетіспеушілігі байқалатын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған жоба бұл түйткілдің түйінін тарқатары анық», - дейді оқытушы.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН