• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Ырыс алды – ынтымақ

376 рет
көрсетілді

Бұл хабарда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында Қазақстан халықтары достығының фестивалі өтіп, онда республика Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын иелеріне тапсырғандығы айтылған. Мұндай сыйлық Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нина Әмірқызы Каюповаға – өзара түсіністік пен имандылықты дамытуға, мейірбандық пен гуманизм идеяларын таратуға қосқан үлкен үлесі үшін, Түрік Республикасының мемлекеттік министрі Намык Кемал Зейбекке – Қазақстан-түрік мәдени ынтымақтастығын нығайту ісіне қосқан үлкен үлесі, Қазақстан әдебиеті мен өнерінің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттауға жәрдемдескені үшін және Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Леонид Константинович Полежаевқа – Қазақстан-Ресей мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосқаны, тұрақтылық пен халықтар арасындағы рухани татулықты сақтауға жәрдемдескені үшін беріліпті.