• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2018

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Наурыз мерекесін өткізді

493 рет
көрсетілді

«Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Наурыз мерекесі дәл осы тілекпен басталды.

Іс-шараға Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілияс­қызы, еліміздегі түрлі ел­шіліктердің мүшелері, «Нұр Орда» фольклорлық ансамблі қатысты.

– Наурыз мерекесін соңғы он жыл бойы үзбей тойлап келеміз. Бұл халқымыздың ұлық мерекесі. Бұл жиынға еліміздегі шетелдік елші­лердің отбасылары да қа­ты­сып отыр. Сондықтан не­­­­гіз­­гі мақсатымыз – ұлық мей­­­рамымызды ұлықтап қа­на қоймай, шетелдік қо­нақ­­тарға төл мерекемізді, салт-дәстүрімізді кеңінен та­­­­ныстыру, насихаттау, – деді іскер әйелдер қауымдас­тығының басшысы Раушан Сәрсембаева.

Бұл мейрам жер мен көк­тің бусанып, қыстай жауған қардың көбесі сөгіліп, күн күн мен түн теңелген уа­қыт­та тойланған. Өткенге көз жүгіртер болсақ, дана хал­­­­қымыз ұлық мерекені бір ай­ға дейін атап өткен екен. Ұйымдастырушылар осы­ны негізге ала отырып, ар­қа төріндегі күн жылынған сәт­ті күткен болса керек.

Салтанатты жиынның негізгі бөлігінде «Нұр Орда» ансамблі жиналған қауымға күйден шашу шашты. Со­ны­мен қатар құда түсу, қыз­дың жасауын дайындау, секілді салт-дәстүрімізден кө­ріністер қойылды. Ал Майра Ілиясқызы вальс ко­ролі Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Шақы­рады көктем» әндерін орындап, көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі.

– Бұл жиында Нау­рыз­дың ең басты құндылық­тары насихатталады.  Сон­дай-ақ ұрпақтар сабақтас­тығы сақталмақ, яғни мұн­да еңбектеген баладан, ең­кей­ген қартқа дейін қаты­­сып отыр. Үлкенге құр­мет, кішіге ізеттіліктің үлгі­сін­ әйгілемекпіз, – деді Қа­зақ­стан Республикасы Прези­ден­­тінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөнін­дегі ұлттық комиссия төрайы­мының орынбасары Ләззат Сүлеймен.

Бұл кештің ерекшелігі сол, ұйымдастырушылар келген қонақтардың құрме­тіне арнап сән көрсеті­лімін, ұтыс ойындарын өткізді. Сән көр­сетілімі барысын­да әдемі тігілген бас киім, көйлек ие­лері түрлі сый­лықтармен марапатталды. Ал ұтыс ойындары кезін­де ағылшын тілін тегін үйре­ну курстарына, балалар күті­міне арналған түрлі сертификаттар, өзге де бағалы заттар табыс етілді.

Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»