• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Ұлтаралық бірлікті сақтаған бақытты елде тұрамын

579 рет
көрсетілді

Мыңжылдықтар тоғысында ба­­балар аңсары шындыққа ай­налып, 20 жыл бұрын еркін ел атанып, етек-жеңімізді тиянақтап, шекара­мызды түйіндеп, бола­шаққа көз тіктік. Өткен замандарда ата-бабамыз армандаған «Қазақтың ұлан-ғайыр даласының Есіл жағасына ел қондырсам, елімді-жерімді жүз­ге бөлінбейтін елге айнал­дырсам», деген арманын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жан-жаққа шашыратпай, 130-дан астам ұлтты ұйыған айрандай бірлігін бекем етіп, мемлекетімізді бейбітшілікте басқарып отыр. Шындығында, Тәуелсіздік ал­ғаннан бері қоғамдағы барлық ұлттар мен ұлыстар діни келісімде, бұзылмас бірлікте өмір сүріп келеді. Өзге ұлт деп жатсынбай, өзінің ұлындай бауырына басқан қасиетті қазақ жері, қадірлі то­пырағы елімізде тұрып жатқан әрбір өзге ұлт өкілдері үшін оттан да ыстық екені хақ. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде ғасырға татырлық тірлік тын­дырып, әлемдегі бірлігі жарасқан қуатты елге айналды. Тәуелсіздік –  еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуа­нышқа толы күнде өмір сүріп жатқанымызға әрбір қазақстан­дық азамат қуануы тиіс деп білемін. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар ру­хының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Осы қуанышты күнге жету үшін талай қиындық­тарды бастан кешірдік. Ата-бабамыз армандап кеткен тәуел­сіздігіміздің құнын ұмыт­пайық. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұ­ғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуел­сіз­дікпен келген халық тілеуі мәң­гілік болып, әнұранымыз әуеде асқақтап, елтаңбамыздың еңсесі биік болып, туымыз көкте шарықтай берсін демекпін. Мен – Қазақстан деген тамаша елдің азаматымын. Мен үшін басқа елге, мысалы, Ресей жеріне көшу еш қиындыққа соқпайды. Бірақ мен – қазақстандықпын, мен өзімді басқа жерде, басқа елде елестете алмаймын. Мен өте бақыт­ты­мын, өз Отанымызда өмір сүре­мін, өз жоспарларым мен арман­дарым Қазақстанмен ғана бай­ланысты. Еліміздегі көпұлттылық – Қазақстан­ның ерекшелігі мен артық­шылығы. Мен ерекше құрметпен елім­нің тіліне, салт-дәстүрлеріне қа­раймын, өмір жолымда Қазақ­станыма деген махаббатым мәңгілік. Татьяна НОВИКОВА, «Қостанай облысы балалар және жастар ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының міндетін атқарушы.