• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Сәуір, 2018

Астанадағы сенбілікке 140 мыңнан астам қалалық қатысты

365 рет
көрсетілді

21 сәуір күні жалпықалалық акцияға 140 мыңнан астам қалалық қатысты, сонымен қатар 5 315 кәсіпорын, мекеме, ұйым атсалысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада саябақтар мен гүлзарларда жалпы алаңы 2,7 млн м2 жер тазартылды, 8000 ағашты әктеді, 5 090 ағаш пен тал отырғызылды. Астанада тал, үйеңкі, қарағай, терек, емен, шетен ағаштары көбейе түспек. Көшет отырғызудан «Есіл» ауданы алға озып шықты. 

Алматы ауданында 1 300 көшет отырғызылды, Байқоңыр ауданында – 500, Есіл ауданында – 2 975 ағаш пен 274 бұта, Сарыарқа ауданында – 495 көшет отырғызылды. 

Сенбілікте сағат 14:00-ге дейін полигонға 687,88 тонна қалдық шығарылды, 166 рейс жасалды. Қаланы тазартуға 200 бірегей жүк көлігі мен 387 жүк көлігі жұмылдырылды. 

Өзен жағалауының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Астана әкімдігі Есіл өзені, Ақбұлақ, Сарыбұлақ жылғасында экологиялық акция өткізілді. Акцияға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 150-ден астам студенті мен қаладағы әскери бөлімнің әскери қызметшілері қатысты. 

Экологиялық айлыққа министрлік, агенттік, астана мәслихаты, Астана қаласы әкімдігінің аппараты, атқарушы органдардың орталық аумақтық бөлімшесі, ардагерлер кеңесі, кәсіподақ пен қоғамдық бірлестіктер белсене қатысты. 

Шағын және орта бизнес қызметкерлері қосалқы аумақтарды тазалады. Ал коммуналдық қызмет пен мердігер ұйымдар ішкікварталдағы абаттандыру, балалар ойын жабдықтары мен спорт алаңдарын, тас төселген көшелерді, жол жиектерін тазалады. Осыған қоса, инженерлік желі мен коммуникация, нысанның сыртындағы түзеуге келмейтін жарнамаларды, жуғыш (мойка) құралдары, шаруаға жарамсыз және керексіз қалдырылған көліктерді шығарып тастады. Көше мен саябақтардағы кабель линиялары ретке келтірілді. 

Еске сала кетейік, бас қалада «Астана – таза әрі қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы жарияланған болатын. Келесі сенбілік 12 мамыр күні болады.