• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Ауыл тағдыры – халық тағдыры

641 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстанның социал-де­мократиялық «Ауыл» партия­сы­ның кезектен тыс VIII съезі өтті. Оған партияның аймақтық өңірлер төрағалары, ауылшаруа­шылығы мен өнеркәсібінің, эко­­номиканың басқа да салала­­ры­ның еңбеккерлері, зиялы қауым өкіл­де­рі, белгілі ғалымдар, ғы­лыми-зерттеу институттарының жә­­не жо­ғары оқу орындарының бас­шы­­лары мен студенттері қатысты. Жиын кезінде екі мәселе қаралды. Бірі – Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының сайлауалды тұ­ғыр­намасын бекіту, екіншісі – 2012 жылдың 15 қаңтарында өте­тін Парламент Мәжілісіне «Ауыл» партиясынан кандидаттар тізімін ұсыну және бекіту. Партия төрағасы Ғани Қали­ев «Ақ қар, көз мұзға қарамас­тан, біздің кең байтақ жеріміз­дің төрт бұрышынан түгел съез­ге жиналғандарыңыз үшін риза­шылығымызды білдіреміз», деп сөзін бастай келе, бұл жиынның Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қар­саңында ұйымдастырылып отыр­­ғанына, тәуелсіздіктің мәні мен мазмұнынына тоқталып өтті. Біздің еліміз егемен ел ретінде өзін әйгіледі, дәлелдеді. Елі­міз­дің үлкен халықаралық беделі бар. Бұл – шындық. Осы орайда, сіздерді ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймын. Біз­дің партияның қатарында 200 мыңнан астам азамат бар. Біз еліміздің жетістіктері мен кем­шіліктерінің жай ғана куә­гер­ле­рі емеспіз. Әрине, әр нәрсеге сыни көзқараспен қарағанымыз дұрыс. Біз – көпэтносты және көпконфессиялы елміз. Әлеу­мет­тік те, экономикалық та салаларда қиындықтар бар. Сон­дықтан, неге қол жеткіздік, бо­лашағымыз қандай болмақ деген сауал бізді мазалайтыны анық, деді партия жетекшісі. Ғани Қа­­лиев­­­тың айтуынша, 2000 жылы негізі қаланған партияның Парламентте ауқымды фракциясы болған. Енді, міне, жаңа сайлау өтпекші. Демек, елдің азамат­­та­­ры, саяси партия өкілдері ретінде Қазақстанның бүгіні мен бо­лашағы үшін алаңдау – заңды­лық. Біз осы мақсат жолында бірігіп отырмыз, деді Ғ. Қалиев. Бұл күні партия өкілдері әлеу­меттік-экономикалық бағдарға өздерінің сайлауалды тұғырна­ма­сын жария етті. Онда «Ауыл» партиясының мақсат-міндеттері көрініс тапса, партия жетек­ші­сі­нің ауыл мәселесіне қатысты айт­­­қан ой-пайымымен партия мү­шесі, жазушы Дулат Исабе­ков­тің пікірі үндес шықты. Біз биліктің сөзін көп сөйлеп кеттік. Аузы­мыздан билік түспей­тін болды. Халық ащыға құмар, тәттіден жерініп бітті. Бала емес ол. Мен биліктің жағасынан алай­ық деп үгіттеп тұрған жоқ­пын. Бірақ халықтың тұрмысын ашығырақ айтуымыз керек, деді жазушы. Сондай-ақ, ол өзіне басқа партияға мүше болуға ұсыныс түсіп жатқанын, алайда ол «Ау­ыл» партиясында қалатынын жеткізді. Ауылдың өте қиын кезінде басымыз қосылған. Әбді­жәміл Нұрпейісов, марқұмдар Зейнолла Қабдолов, Зейнолла Серікқалиев, көптеген ғалымдар осы партияның төңірегіне топ­тас­ты. Ауыл деген тас қараңғы, кебек жеп, лай су ішіп отырған кезінде жанымыз шырқырап, ара­шашы болдық. Ауылдан шық­­­қандардың барлығы «Ауылға» мүше болуы керек. Мәселе, пар­тияның жеңіске жетіп, ертең Парламентте отыруында ғана емес. Өз басым «Ауылдың» беделі үшін күресемін. Қолымнан келгенше. Ал ендігі Парламент Мәжілісіне мүше болатын адам­дардың ішінде құрығанда ұлт­тың мүддесін қорғайтын 10 адам керек. «Ауыл» партиясы сай­лауда өту үшін ғана құрыл­маған болатын. Маған ұнағаны да сол еді. Сайлау өткеннен кейін келесі жылы құрылды. Егер де елге, ауылға деген белгілі бір бағдарламалар жүзеге асып жатса, бұл, сөз жоқ, «Ауыл» пар­тия­сының жетістігі, деді Д.Исабеков. Съезд кезінде жазушыдан бас­қа, партияның жергілікті өңір­лер­­дегі өкілдері де сөз алып, партия­ның мақсат-мүдделері жай­ында таратып айтып берді. Бұл мақсат-мүдделер «жер – оны өңдейтін шаруа адамдарына берілуі тиіс», «ұрпақтар сабақ­тас­тығы – Қа­зақ­стан дамуы», «Мем­­лекеттік тіл – мемлекет тұғы­­ры», «халық ден­сау­лығы – Қа­зақстанның басты құндылығы», «Қазақстан азамат­тары алаңсыз өмір сүруі тиіс» деген ұста­ным­дарға сайды. Съезд соңында партия мүше­лері сайлауалды тұғырнаманы және партия атынан сайлауға тү­сетін кандидаттардың тізімін бекітті. 15 қаңтарда өтетін сай­лау­ға Қазақстанның социал-де­мо­кратиялық «Ауыл» партиясы­нан 23 адам қатысады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Астана.