• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2018

Қараған­ды экономика­лық универ­­ситетінде «National bookdating» акциясы өтті

1252 рет
көрсетілді

Кеншілер астана­сын­дағы Қазтұты­ну­одағы Қараған­ды экономика­лық универ­­ситетінде облыс­тық Қа­зақ­стан халқы Ассамб­лея­­сының «National bookdating» акциясы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында­ «Қазақ тілін­дегі 100 жаңа­ оқулық» жобасын тал­қы­­лауға арналған бұл­ шараға Қазақстан хал­қы Ассам­блеясының, ғы­лыми-сарап­тамалық то­бы­ның мүше­лері, уни­вер­ситеттің про­фес­сорлық-оқытушылар құра­мы жә­не студенттер қа­тысты.

 «National bookdating» акциясы шарасын ашқан ҚЭУ-дің әлеуметтік мәселелер бойынша прорек­торы, профессор Қос­­ман Әбілов Елбасының «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдар­ламалық мақаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағытында атқарып келе жатқан шарапатты рөлін атап өтіп, «100 жаңа оқулық» жобасының білім беру ісінде өскелең ұрпақ үшін маңызы зор шаруа екенін айтты. Акция барысында спикерлер аудиторияны әлемдегі ең үздік кітаптардың аудармаларымен таныстырды.

Еске сала кетсек, Н.Назарбаевтың «Бо­лашақ­қа бағдар­:­ рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласының жарияланғанына биыл бір жыл толып отыр. Бағдарлама ішінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да бар. Осы уақытқа дейін аталған жоба аясында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып шығып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапханаларға таратылады. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізіледі. Сонымен қатар барлық оқу­лық­тардың электронды нұсқа­лары және соның негізінде әзір­ленген бейнедәрістер топтамасы Қазақстаннның ашық уни­верситеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылатын болады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ