• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Зор қуанышпен қабылдадық

350 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев – бір ұлттың, бір мемлекеттің тағдырын ғана ойлайтын жан емес. Әлемнің қауіпсіздігіне, мына Жер атты планетаның амандығына, ұлттар мен ұлыстардың тағдырына ерекше алаңдап, дүниежүзілік мінберлерде өзінің азаматтық позициясын танытып келеді. Патшалық Ресей, одан кейін Кеңес Одағы Қазақстанды өзінің жаман мақсаттарына қатты пайдаланып келді. Қазақ даласы ядролық қаруларды сынаудың алаңына айналды. Жер жарықтық ірімтік-ірімтік болып еріп, сол маңайдағы адамдардың денсаулығына өшпестей жара салды. Мүгедектер көбейді. Елдің ертеңі бұлыңғыр болды. Қазақстан Тәуелсіздік алысымен-ақ Елбасымыз ажал бүріккен Семей полигонының оқпанына су құйды, сынақ алаңын тоқтатты. Тек Қазақстанда ғана емес, ядролық қару сыналатын барлық мемлекеттерде де осыған тоқтау айтты. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл идеясын дүние жүзі халқы қолдап, көптеген полигондар жұмысын шектеді. Оңтүстік халқы да атақты ВИЧ ошағы пайда болғанда Елбасыға дабыл қағып еді. Жүздеген күнәсіз сәбидің тағдырына алаңдаған Мемлекет басшысы Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ Қан орталығын салғызды. Бүгінде халық ертеңі үшін алаңдамайды. Облыс медицинасында толағай жұмыстар атқарылып жатыр. Бірінші байлық – денсаулық. Қазақстан азаматтары сау-саламат болу үшін, ертеңіміз жарқын болуы үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген Елбасымызға еліміздің ең жоғары атағын беру туралы шешімді Оңтүстік халқы қуанышпен қабылдады. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген осы шығар. Сүндет РАХЫМБЕРДИЕВ, облыстық қан орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Оңтүстік Қазақстан облысы.