• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Еңбегі оң бағаланды

339 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың Тәуелсіздіктің таңсәрі шағынан бастап экономикада болсын, саясатта болсын, әлеуметтік салада болсын Қазақ­станның өзгелерге үлгі болатындай деңгейде дамуына берік негіз қалады. Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданып, еліміздің ұзақ мерзімді даму жолын алдын ала белгілеп алдық. Осының нәтижесінде Қазақ елі экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кешегі кеңестік кеңістіктегі республикалардың алдын орап, ұстанған экономикалық моделіміз кейінгі елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсынылып отыр. Мәселен, Отанымыз әлеуметтік салада ауыз толтырып айтарлықтай реформаларды сәтті жүргізіп, соның арқасында ел халқының әл-ауқаты жоғары деңгейге көтерілді. Саясат саласында да демократия құндылықтарына сәйкес жаңғыртулар жүзеге асырылып, бұл тұрғыда да жетістіктеріміз бар деп нық сеніммен айта аламыз. Міне, осы айтылғандардың барлығы білікті басшы,  көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың  ерен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асқан шаруалар. Ойымды түйіп айтсам, халықтан шыққан қайраткер, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы әлем таныған тұлға бүгінде қандай құрметке де, қандай атаққа да лайық. Сондықтан Үкімет бастап, Парламент Сенатының депутаттары қостап, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы тиісті заңдарға толықтыру енгізілуін және осыған сәйкес оң шешім қабылдануын елін сүйген  ердің еңбегін өз деңгейінде бағалау деп білемін. Ғалымбек АЙТМУРЗИН, мал дәрігері. Астана.