• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2018

СІМ: Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр

154 рет
көрсетілді

Қазақстанның Канададағы дипломаттары Торонтода зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Біздің Канададағы дипломаттар қазір жергілікті полиция өкілдерімен тығыз байланысты жұмыс істеп жатыр. Біз Торонтода микроавтобустың жаяу жүргіншілерді басып кету оқиғасынан зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын тексерудеміз»,-деп жазды Ә.Жайнақов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, әзірге зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Айта кетейік, Канаданың орталығындағы Торонто қаласында микоравтобус жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, 16 адам жарақат алған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар