• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Орайын тапқан орынды шешім

375 рет
көрсетілді

Қалай болғанда да бір жатақ­ха­нада бірге  жатып, бір орында бірге оқып,  одан кейінде де тағдыр тағы табыс­тырып, бір ортада  бірге еңбек еткен  адамның жаныңа  жақындығы бөлек қой. Ал ол бүкіл әлем мойын­даған әйгілі тұлғаға айналса да ара­дағы кешегі сыйластық қатынасты сақтаудан ай­ны­маған азамат болса, құрметіне шек жоқтығы шындық. 50-ші жылдар ая­ғын­да  әрқайсымыз Қазақстанның әр түкпірінен алыс­та­ғы  Днепродзержинск техникалық учи­лищесінде бас қосып, мамандық меңгеріп, Теміртауға орал­ғанда да  жұбымыз жазылмаған шоғыр­лы топ мүшелері Нұрсұлтан Назар­баевтың  бауырмалдыққа, жолдастыққа адал қасиетін жақсы білуші едік, соған әлі де беріктігі тәнті етеді. Кішіпейілділік, қарапайымдылық  үлгісі жүре­гі­мізді толқытып, мерейімізді тасы­тады әрдайым. Осы күндердегі  қуанышты оқи­ға­лар мәні  Қазақстан Республикасы Парламенті  Сенаты депутаттарының Елба­сына «Халық Қаһарманы» ата­ғын беруге мүмкіндік туғызатын тиісті заңдарға түзету енгізуімен тіпті мәртебелене түскендігін біз зор ризалық сезіммен қарсы алдық. Бұл бүкілхалықтық тілек еді. Еңбек жо­лын металлург маман­ды­ғының  ең ауыры да қадірлісі горно­войлықтан бастап, сол кездің өзінде-ақ   батыл­дық, қайраттылық қасиеттерімен та­нылған болашақ Президентіміздің  Тәуелсіздікке қолымыз жеткен шақ­тан ел басқарудағы салиқалы, көре­ген сая­сатының жемісі қазір баршаға аян.  Осы уақыт аралығында Нұрсұл­тан Әбіш­ұлына жас мемлекетті  биікке көтеру оңай болмағанымен, та­бан­ды­лық  мен талапшылдық   соны жеңдір­геніне  өмірдің өзі куә. Жиыр­ма жылда жаңарып-жасарған, келешегі кемел ел іргетасын қалау, әлем­ге таныту  ерен еңбек пен ерліктің  айқын көрінісі екені даусыз. Мұны бағалаған Сенат шешімі  дұрыс  деп білеміз. Халқымызда «Елді ер теңесті­ре­ді» деген сөз бар. Еліміз іргелі елдермен теңесті. Теңестірген – Нұр­сұлтан Назарбаев. Ондай ерге қандай биік құрмет те лайық. Сондықтан «Халық Қаһар­маны» атағын беруге қолдау көрсетілуі әбден орынды. Алтынбек  АСАНОВ, ардагер металлург. Теміртау.