Еліміздегі жетекші SANTO компаниясы инъекциялық ерітінділерді және инфузияларды өндіретін, қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін өндірістік алаңдарының тиісті өндірістік тәжірибе стандартының (GMP) талаптарына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ, дәріхана қоймасының тиісті дистрибьюторлық тәжірибе стандартына (GDP) сәйкес келетіндігін растайтын маңызды үш сертификатқа ие болды.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьМұндай сертификаттарға ие болу – SANTO компаниясындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің және өндіріс жағдайларының жоғары стандарттарға жауап беретіндігінің айғағы. Ал бұл өндіріліп жатқан препараттардың сапасына кепілдік береді.
Естеріңізге салсақ, GMP стандарты (Good Manufacturing Practice) дәрі-дәрмек өндірісіне, сапаны бақылауға, құжатнаманы жүргізуге, сондай-ақ, қызметкерлер құрамына, бөлме-жайлар мен жабдыққа арнап жалпы талаптарды белгілейді. GDP (Good Distribution Practice) – шикізатты өндірістік кәсіпорындарға жеткізуден бастап, дайын өнімді ақырғы қолданушыларға жөнелтуге дейінгі жеткізілімнің бүкіл тізбегінде дәрілік заттар айналымымен айналысатын қоймажайлардың және көтерме сауда базаларының сапасын қамтамасыз етуге арналған жүйе.
– Компаниямыздың кезекті бір жетістігін, атап айтқанда, өндірістік алаңдарымызға, соның ішінде қатты пероралды дәрілік заттарды өндіретін жаңа цех пен дәріхана қоймамызға арнап сертификат алғанымызды мақтан тұтамын, – деді SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанец. – Бұл – әлбетте, жұдырықтай жұмылған ұжым жұмысының жемісі. Сондай-ақ, бұл – науқастар сапалы әрі тиімді емге қол жеткізе алуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандығымыздың айқын дәлелі. Компания ұсынып отырған препараттар бүгінгі күні кардиология, гастроэнтерология, аллергология, дерматология, неврология, гинекология, урология, педиатрия, офтальмология, пульмонология, оториноларингология сынды сан алуан салаларда кеңінен қолданылып отыр. Сондай-ақ, біз антибиотиктерді де өндіреміз. Біз өз елімізді сүйеміз, әрбір қазақстандықтың саулығы – біздің басты қамымыз!
«Біздің компанияның жаңа сертификаттарға ие болғандығы туралы хабарды зор қуанышпен оқыдым. Біз 6 жылдан аса уақыттан бері Шымкенттегі зауытты жаңғыртуға зор мән беріп келеміз. Біз өндіріс инфрақұрылымы мен жабдығына, бәрінен бұрын, қызметкерлерді әлемдік дәрежедегі стандарттарға сәйкес оқытуға үлкен инвестиция құйдық. SANTO зауыты Орталық Азиядағы ең заманауи зауытқа айналуы үшін кезекті бір нық қадамын басып отыр. Бұл сертификаттар – SANTO ұжымының өз ісіне шын беріліп, ең жоғары стандарттарға сәйкес жұмыс жасай білетіндігінің, терең кәсіпқойлығының айғағы. SANTO компаниясының Қазақстандағы науқастарға тигізіп отырған зор пайдасын және де жалпы Polpharma компаниясының дамуына қосып отырған ерен үлесін біз ерекше мақтан тұтамыз», – деп атап өтті Polpharma тобы бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак мырза.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ