• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2018

Алматыда «Туберкулез эпидемиясын жоюдың жаңа бағыттары» атты халықаралық мәжілісі өтті

335 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының 85 жылдық мерейтойына орайластырылған «Туберкулез эпидемиясын жоюдың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Орта Азия елдерінің Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, Ресейден, Белорусиядан, АҚШ-тан, Оңтүстік Кореядан және Қытайдан мамандар, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары, Stop TB серіктестігінің өкілдері,  халықаралық ұйымдардың: халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігінің (USAID), ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қорының (ГФСТМ), «Партнеры во имя здоровья» және KNCV өкілдері қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева қатысушыларды орталықтың мерейтойымен онлайн режимінде құттықтап, туберкулез бұрынғыша бүкіл әлемде және Евро-Азиялық өңірлерде  қоғамдық денсаулық сақтаудың түйіткілді мәселесі болып қалатынын атап өтті.

ДДҰ соңғы мәліметтеріне сәйкес әлемде  көптеген дәріге көнбейтін туберкулездің жарты миллионға жуығын қосқанда, туберкулезбен 10 миллионнан астам адам ауырды, осы аурудан 1,7 миллион адам қайтыс болды. 2000 жылдан бастап әлемде туберкулезге шалдығу жылына орта есеппен 1,5 пайызға төмендеген, қазіргі уақытта 2000 жылдың деңгейінен 18 пайызға төмен. 2014 жылғы мамырда Денсаулық сақтаудың бүкіл әлемдік ассамблеясы сырқаттанушылықты және өлімді төмендету арқылы туберкулез эпидемиясына жол бермеуге елдерге мүмкіндік беретін концепцияны бағыттайтын туберкулезбен күрес бойынша ДДСҰ Стартегияны қабылдады. 2000-2016 жылдар аралығында туберкулезді уақытылы анықтау және тиімді емдеу нәтижесінде 53 миллион адамның өмірі сақталып қалды.

Вице-министр соңғы 10 жылда туберкулезге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша барлық сабақтас құрылымдардың қарқынды және мақсатқа бағытталған жұмысы Қазақстанда өкпе дертіне шалдығу 2,4 есеге, ал өлімді – 5,6 есе төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Және еліміздегі туберкулезге қарсы іс-шараларды барлық мүдделі мемлекеттік қызметтер мен мекемелер мен халықаралық, қоғамдық ұйымдардың ынтымақтаса жүзеге асыруы нәтижесінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштердің әрі қарай жақсаруы және елдегі жалпы бұл сырқаттың жойылатынына үміт артатынын айтты.

Медициналық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры Л.М.Ахметниязова конференцияға қатысушыларды құттықтап,  Денсаулық сақтау министрілігі атынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.

ҚР ҰФҒО директоры М.М. Аденов өз сөзінде Ұлттық туберкулезге қарсы күрес бағдарламасының едәуір жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті: еліміздің барлық аймақтары туберкулез және оның дәрілерге төзімді түрін анықтауға қажетті молекулярлы-гендік аппараттармен қамтамасыз етілген; дәрілерге төзімді туберкулезді туберкулезге қарсы жаңа дәрілермен қысқа мерзімде және жекешелендіріп емдеу кестелері қолданыла бастады; науқастарды амбулаторлы емдеу және науқасқа бағытталған моделдері кеңінен қолданылумен қатар психологиялық  және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.   

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ