• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 27 Сәуір, 2018

ҚазҰУ ректоры EUA басшылығына ұсынылды

470 рет
көрсетілді

Еуропалық университеттер ассоциация­сының (ЕУА) Тағайын­дау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек­торын аталмыш іргелі халық­аралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды. 

Ассоциацияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан және ол Еуропадағы 800 жетекші университеттерді біріктіреді. Оның қызметі еуропалық универ­ситеттерге заманауи қа­жет­­­­­тіліктерге және жоғары ха­­лық­­­аралық стандарттарға сай тиімді дамуға көмектесуге бағыт­талған. ЕУА президенті ғылым мен білім салаларының көрнекті қайраткерлері арасынан үш жылда бір рет сайланады.

Кәсіпқой, прогрессивті көшбасшы, көрнекті ғалым және көптеген ғылыми-білім беру жобаларының бастамашысы ретінде Ғалым Мұтанов ха­­лық­аралық академиялық қоғам­д­астықта кеңінен танымал. Еуропа кеңістігінде ғылым және білім саласындағы халықаралық ынты­мақтастықты нығайтып, дамыт­­қаны үшін ҚазҰУ ректоры Польша Республикасы Қыз­­мет орденінің Кавалер кресті, Францияның Пальма бұта­ғы академиялық ордені, «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен және басқа да марапаттарға ие болған.

Оның кандидатурасын бір­қатар танымал университеттер қолдады. Мысалы, Ресей халықтар достығы универ­си­тетінің ректоры Владимир Фи­липпов, Еуропалық университеттер қауымдастығының бас хатшысына жолдаған қолдау хатында академик Ғалым Мұта­нов ассоциацияның президенті лауазымына тағайындалған жағ­дайда, ЕУА-ны позитивті келешек күтіп тұрғанына шынайы сенім білдірді. 

Қазақстан өкілінің жоғары лауазымға ұсынылуы мем­лекет­тің жоғары білім жүйе­сіндегі жетістіктерінің әлемдік деңгейде танылуының жарқын көрінісі.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ