• RUB:
    5.4
  • USD:
    464.72
  • EUR:
    496.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2018

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылық бөлімдері жазғы маусымға әскери техниканы дайындауды бастады

231 рет
көрсетілді

Ел қорғаны болатын «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығында генерал-майор Нұрлан Қашағановтың басшылығымен өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаратын ер-азаматтар, қыздар белсенді еңбек етуде. Биылғы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге орай енді қысқы кезеңдегі ауыр техникалар жазғы маусымға лайықталған техникалармен ауыстырылмақ.

Жазғы маусымға дайындық әскери мамандар атап өткендей үш сатылы түрде жүзеге асырылмақ. Жеке құрамның дайындығы сақадай-сай болуы керек. Әскери машиналардың жанар-жағармайы, тіпті керекті құрал-жабдықтары дер кезінде табылатындай механикалық дайындық кезеңі де қамтылады. Жазда түрлі сынақ жұмыстары жүретіндіктен әскери техниканың ыстық ауа-райына төтеп бере алуы да дайындық үшін аса маңызды саланың бірі болып табылады. Әскери техникалардың дайындығын көрсету мақсатында БАҚ өкілдері шақырылып, қажетті ақпараттар берілді.

Раушан Нұғманбекова,

Семей.