• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Мамыр, 2018

Салыбектің Сарқасқасы

595 рет
көрсетілді

Көкпар десе қаны қызбайтын қазақтың ұлы некен-саяқ. Дегенмен он жасында асауды үйреткен, бір мүшелге толғанда көкпарды маңайлап, кейде ортаға кіріп білегін бекіткен, тақымын қатайтқан Салыбек Сағымбекұлын оңтүстік өңірде білмейтін жан жоқ шығар.

      T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Оның ерекше салымдары мен тұлпарларын жұрт жыр қылып айтады. Әсіресе тұлпарды баптау тәсілі бөлек. Әрине көкпаршыға сұң­­­­қардай ұшқыр, еліктей епті, ие­сінің әр қимылын жазбай танып, мүлтіксіз орындайтын тұлпар қажет. Сондықтан да көкпардың атын баптау өз алдында бір ғылым.

Сағымбек байдың тұңғышы Салыбек өткен ғасырдың 50-60 жыл­­­­дары көкпарға атақты Сарқасқа аты­мен шығып, кейбір кездерде жан баласына салым ұстатпаған екен. Ел арасында «Салыбектің Сарқасқасы» деген ат аңызға айналған. Көк­пар­шының ұлы Болатханның ай­туын­ша, былайғы ел-жұрт ас-суға ұн таппай отырғанда әкесі атын таза бидай беріп асырапты.

Тұнық сумен суарылған жасыл жоңышқаның көгін ғана берген. Қысы-жазы жабулап ұстайды. Су ішетін ыдысы да бөлек. Сарқасқа атты тұрған жерінде зәр сындыртпайтыны, тезек тастатпайтыны және бар. Көкпар таянғанда осындай ерекше баптаудағы тұл­парының етін қатырады, қазысын ортайтады, күніне бірнеше дүркін мініп-түсіп бұлшық еттерін ширатады. Салыбектің үлкен қызы Ра­хия апайдың айтуына қарағанда, әкесінің көкпарға аттануы да ерекше. Ұл-қыздары жиналып, құдды бір майданға аттандырғандай болады. Ондай сәтте көкпаршы бойын тіктеп, сұңқардай шүйіліп, қаһарын сыртына шашып атқа қонады екен. Сарқасқа да өзгеріп сала береді, ауыздығын қарш-қарш шайнап, омырау етін ойната, желмен жеңіл ұшып бара жатқан қаңбақтай сырғиды.

 Салыбек Сағымбекұлының Бурыл деген аты жөнінде де аңызға бергісіз әңгіме көп. Ордабасы ауда­­ны­ның орталығы Темірланда 1921 жылы өткен Қажымұқанның 120 жылдық тойында 77 жастағы Салыбек қария көкпарға шығып, соңғы салымын салады. Кешікпей сырқат меңдеп жатып қалады. Күн өте бурыл ат дүркін-дүркін иесін іздеп, кісінейді. «Жылқының тілін жақсы білетін әкем дерт меңдеп, төсек тартып жатса да, далаға шы­ғаруды өтінеді. Далаға шыққан ие­сінің иісін сезген бурыл аттың құ­лын дауысы шырқырап қоя бере­ді.

Әкем «атты алып келіңдер!» деді. Төсек тартып жатқан иесін көр­ген бурыл ат ышқынып келіп, иіс­кейді. «Орныңнан тұр» дегендей, көр­песін жұлқып, жастығын тістеп лақтырады. Есті жануардың қос жанарын жуған жасты көргендердің бәрі Бурыл атпен бірге жылады. Сол күннің кешінде атақты шабандоз, өмірін көкпарға арнаған әкеміз Салыбек дүниеден өтті. Иесінің ба­қи­лық болғанын сезген Бурыл ат жем-шөп жемей, апта өте өлді»,  дейді Болатхан Салыбекұлы өткен күндерді еске ала.

Жуырда Ордабасы ауданындағы атшабарда әйгілі шабандоз Салыбек Сағымбекұлының ұрпақтары қа­зақ­тың ұлттық ойындары – аударыс­пақ, теңге ілу, бәйге сайыстарын ұйым­­дастырды. Облыстық фести­валь­дың аясында өткен, ұлттық спорт­­ты кеңінен насихаттауға ба­ғыт­­­талған шараға аттың жалын ұс­­­­таған 30-ға тарта жасөспірім қа­­­­­тысты.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылардың барлығына ар­­­найы сыйлықтар табыс етілді. Ауыл тұрғындары мен ат арытып алыс­тан келген қонақтар осындай үлгілі істі ұйымдастырған Салыбек Сағымбекұлының ұрпақтарына ризашылықтарын білдірді. Әйгілі көкпаршының көзін көрген қариялар естеліктерімен бөлісті, жас ұрпаққа ұлттық ойындардың мән-маңызын түсіндірді, жылқы баптаудың қыр-сырын үйретті.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»