• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2018

Семейде «Апалар, аталар және смартфон» тренинг-сабақтары өткізілді

334 рет
көрсетілді

«Семейдегі жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, еріктілер мен студент жастар  қаладағы қарт адамдарға жоғары технологиялық смартфондарда  толығымен жұмыс істеуді үйрету үшін, тренинг сабақтарын  ұйымдастырды. Жобаның жетекшісі Лейла Сағынайқызының айтуынша,  бұл Қазақстанның 16 қаласы бойынша қатарынан екінші жыл қолға алынған шаруа. Сондықтан болар биыл Семей қаласында жаңа ақпараттық және смартфондық технологияны үйрену үшін қызығушылық танытқан  қариялардың саны екі есе көбейіпті.Мәселен, егерде тренинг барысында 10 адамды оқыту керек болса, сабаққа 13-15 адам артығымен келеді екен.

- Әжелер, апалар, аталарымыз тіпті осы тренинг-сабақтар өтеді деген кезде, жарты сағат ерте келіп алып, тосып отырады,-деді Лейла Сағынайқызы,бұл жобаның ерекшелігі жасы үлкен адамдарды смартфонды қолданушы деңгейінде  игерту. Осыған дейін біздің қоғамдық бірлестік   бастауыш сыныпта оқитын балалары бар ата-аналарды да осындай оқыту-үйретуден өткізді. Олар «GPS» мобилді қосымшасы арқылы мәселен, автобус бағыттарын анықтай алуы өз алдына, балаларының интернетке қалай кіріп, қанша уақыт отыратындығын бақылай алатын болды. Әрине, біреулер айтуы мүмкін, бұл баланың құқығын бұзады деп, бірақ та, осындай оқыту-үйрету шаралары арқылы ата-аналар жас балаларын «Көк кит» сияқты қатерлі ұйымдардан аулақ ұстай алады. Және смартфондардағы қосымшалар арқылы өз  балаларының қай жерде жүргенін де бақылай алады. Осыған орай 20 ата-ана бізден арнайы тренинг сабақтарын алды.

Қаладағы Достық үйінде өткізіліп жатқан сабақтарға аталар мен апалар белсенділікпен қатысыпты. Барлығының қолында бір-бір жаңа смартфон. Үңіле түсіп, ерекше қызығушылықпен үйреніпті.  

- Бұл сабақтарға жұбайымыз екеуміз бірге келдік,-деді қария Альберт Перемыкин,-интернет-технологияларды қолдануды үйрену біз үшін аса маңызды. Тренинг өте жақсы өтіп жатыр. Әрине, қарт адамдар жас бала сияқтымыз ғой,  бәрін бірден ұғып кету қыиын. Дегенмен түрлі сұрақтар туындаған кезде қасымызға келіп, жанталаса көмектесіп, түсіндіріп жатқан Ләйла Сағынайқызына және оның көмекшілеріне үлкен рахмет. Бізге сабақ берушілердің барлығы да білікті жастар. Қария болсақ та, осындай тренингтер арқылы өмірге деген қызығушылығымыз арта түсуде.

Раушан Нұғманбек,

Семей