• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Мерейтойлық марка шықты

310 рет
көрсетілді

Кеше Байланыс және ақпарат министрлігінде ел Тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдық мерекесіне арналған мерейтойлық пошта мар­ка­сын айналымға енгізудің салтанатты рәсімі болды. Оған Бай­ланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қаз­пош­та» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстанов қатысты. «Мерейтойлар, ұмытылмас және мейрам күндері» серия­сы­ның көркем маркасы Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығына ар­нал­ған. Маркада мерейтойды мерекелеу логотипі бейнеленген. Атаулы бағасы – 32 теңге, көлемі 28 х 30 мм., та­ра­лымы – 30 000 дана. Сондай-ақ мар­калардың шеткі әдіптері та­рақ­талып, төрт түсті бояумен және офсеттік тәсілмен басылған. Ал бір парақтағы марка саны – 10 дана. Безендірген Н. Соколов. «Қазпошта» АҚ еліміз та­рихын әлемнің екі жүзден аса елін­де таратылатын пошта мар­каларында бейнелеп көрсетуде. Мемлекетіміздің мерейтойын мерекелеу қарсаңында ұлттық пошта операторы елордада өткен ЕҚЫҰ саммиті мен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ), ЕурАзЭҚ Кеден одағының 10 жылдығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) құрылуы мен еліміздің осы ұйымға төрағалық еткеніне 10 жыл толуы сынды өзге де айтулы мерекелерге арнайы маркалар шығарған-ды. Ел Тәу­елсіздігінің 20 жылдығына ар­налған маркалар жапсырылған конверттер пошта бөлімшелеріне түсіп, республикаға және елімізден тыс жерлерге жіберілуде. Ұлттық пошта операторы Ота­нымыздың мемлекеттігі мен тұтастығын және экономикасын дамытуға зор үлес қосып келеді. Сонымен бірге «Қазпошта» бүгінде пошта, логистика және қаржы қызметтерінің кең ауқым­ды түрлерін көрсететін көп ат­қарымды кәсіпорын болып та­былады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.