Қазақстан ТМД-дағы ақпараттық қауіпсіздік келісімін ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.