Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының президенті Франческо Роккамен кездесуі өтті.
Тараптар Халықаралық федерациясының әлемдегі төтенше жағдайдар мен қақтығыстардың салдарын алдын алу, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары бойынша жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетуі жөніндегі қызметі туралы талқылады.
Қ. Әбдірахманов сенімділік үшін алғысын айта отырып, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық қоғам федерациясының 10-шы Еуропалық Конференциясын 2018 жылғы 2-3 мамырда Алматыда өткізу жөнінде оңтайлы ілтипатын білдірді. Сәтті өткізілген осы іс-шара аймақтағы әлеуметтік саласында халықаралық ынтымақтастыққа жаңа импульс беретінін де атап өтті.
Қазақстан Федерациямен, екіжақты деңгейде де, басқа халықаралық алаңдарда да, соның ішінде Президент Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін атап өтті.
Ф. Рокка өз тарапынан маңызды Конференцияны Қазақстанда ұйымдастыруға және өткізуге көрсетілген қолдау үшін ілтипатын білдірді.
Бұдан бөлек, Халықаралық федерациясының президенті Сириядағы дағдарысты шешу үшін Астанада ұйымдастырылған келіссөздерді жоғары бағалады және жақын арада Сирия Араб Республикасына жасаған іс-сапары қорытындылары жөнінде сөз қозғады.
Кездесу нәтижесінде тараптар тұрақты бір-бірімен хабарласа отырып, кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.