• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Хартия қабылданды

317 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Бас редакторлар клубы» сайлау науқанын көр­се­тулер барысында журналистердің этикалық нормаларды ұстануын мін­деттейтін Хартия қабылдады. Мұны елордадағы Ұлттық бас­пасөз орталығында өткен брифинг кезінде «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Ережепов мәлімдеді. Хартияда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары алдағы сайлауға қатысты өздерінің партиялық тізімін бекіткен барлық партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін олардың саяси көзқарастарына қарамастан, БАҚ-тардағы еркін қолжетімділікке мүмкіндік берулері және жәрдемдесулері тиіс. Осы орайда, қабылданып отырған Хартия алдағы саяси науқан барысын БАҚ-тардың кәсібилікпен және объективті түрде көрсетулерін міндеттейді. «Егемен-ақпарат».