Облыстық фестиваль бұл жолы Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Бұл конкурс тұрақты түрде Семейде өткізіліп келеді. Оның ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облыстық Балет мектебі, Семей қалалық әкімшілігі мен қалалық Достық үйі.
– Облыстың жастары мен балалары арасындағы халықтық билерді насихаттау біздің басты мақсатымыз болып табылады, – деді балет мектебінің директоры Камилия Исмаилова. – Байқауда 32 би түрі ұсынылды. Оған 7-18 жас аралығындағы 500 бала қатысты. Ұйғыр, өзбек, қазақ, испан билері жарқырай көрінді. №6 балабақшадағы балдырғандар тобының «Лезгинка» биі елді еріксіз еліктірді. Курчатов қаласының №3 мектеп ұжымы орындаған «Орыс биі» де тартымды шықты. Бас бәйгені осы Курчатов қаласынан келген «Фантазия» ұжымы жеңіп алды. Қазылар алқасы Зинаида Матвиенконың жетекшілігімен қойылған билерді жоғары бағалады.
Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист
Семей
суретті түсірген автор