• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Мамыр, 2018

Дін істері және азаматтық қоғам министрі халық алдындағы есепті кездесуін өткізеді

459 рет
көрсетілді

13 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.

Министр есепті кездесуінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ есепті кездесу барысында халықтан түскен сұрақтарға жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі www.bnews.kz интернет-порталы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Өтетін орны: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі-4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының кино-концерт залы. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74-18-48, +7 (7172) 74-18-68 телефондарына хабарласу арқылы жолдай алады.