Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөліктерінде жауын жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді деп күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін жетіп, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін жетеді деп күтіледі, шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ боллады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.