• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Мамыр, 2018

«Atyrau Marathone-2018» дүбірлі додасы мәреге жетті

362 рет
көрсетілді

Дені сау адам – қоғам бай­лығы. Бұл ретте бұқаралық спорт­­ты дамытудың маңы­зы зор. Атырау облысын­да кешен­ді көп­шілік спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып жүр. Биыл­дың өзінде халық­ара­лық дәре­жедегі бірнеше дүбірлі до­да өтті. «Atyrau Marathone-2018» – соның заңды жалғасы де­сек те болады.

      M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

– Марафонға қатысуға ниет біл­дір­гендер аптасына үш рет әртүрлі қашықтықта қала көше­лер­інде жүгіріп, дайындық­тарын пысықтады. «Жүгіруге қа­тысушы физикалық тұрғыда мықты болуы керек, ол үшін алдын ала дайындық шараларына қатысқан дұрыс, – дейді жаттықтырушы Алтай Құспанов. – Мысалы, 42 ша­­қы­рымға жүгіретіндер үшін сөре­ден мәреге дейінгі уа­қыт үш сағатқа созылады. Қа­жет құрал­дарды, су, жүрек жал­ғайтын асты да алып шығу ке­рек. Желаяқ болу оңай емес, бі­рақ көпші­ліктің марафонға қы­зы­ғушы­лық танытқаны біздің де жұмы­сы­мызға серпін берді.

Сонымен көптен күткен сын сағаты да таяды. «Atyrau Marathon» жарысына үш мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында басқа облыстардан, тіпті шетелдерден келгендер де бар. Ең алыс қашықтық – 42 шақырымды 150-ден ас­там адам бағындырды.  10 ша­қы­рым­ға жүгіруде 1000-нан аса ерік­ті тіркеуден өтсе, 4,5 шақы­рымда 1500-ға жуық желаяқ бақ сынады.

Марафонның абсолютті чем­пионы атағын Базарбай Дау­талиев жеңіп алды. Оған ақша­лай сыйлықпен қоса теле­дидар және Атырау облыс­тық ұлттық спорт түрлері феде­ра­циясының арнайы сыйы – жүйрік жылқы тарту етілді. Екі параолимпиадашы Ерлан Қазиев және Кенгес Көниевке «Жеңіске деген жігері үшін» ар­найы сыйлық тапсырылды. 71 жастағы зейнеткер Бекет Қа­дыралин жарыстың ең егде қатысушысы ретінде арнайы сыйлыққа ие болды.

Даңқты желаяқ Әмин Тұя­қов, үздік марафоншы, Азия, Аф­рика, Аустралия мен Аме­ри­каның ең ірі шөлдерін жүгі­ріп өткен адамзат тариxын­дағы алғаш атлет Марат Жы­ланбаев, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чем­пио­натының күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүл­дегері, әлем чемпионатының қаты­су­шысы Александра Романова «Atyrau Marathon-2018» сайы­сы­ның құрметті қонақтары болды.

Атырау облыстық дене тәр­биесі және спорт басқар­ма­сының басшысы Азамат Бекет Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама аясында «Atyrau Marathon» додасы биыл екінші рет ұйымдастырылғанын айтады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге. Барлық қа­шық­тықтарда бірінші болып келгендер 150 мың теңге­ден сыйақы алды. Жүйрік же­лаяқтарға Әмин Тұяқовтың кітабы да сыйға берілді. 

– Спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұс­танудың жақсылығы көп, – дейді Әмин Тұяқов. – Жарысқа қатысқан соң әрине жеңгенге не жетсін, бірақ басты мақсат бәйге алу емес, осындай үлкен додаға қатысқанның өзі мерей.

«Atyrau Marathon-2018» жарысын ұйымдастыру ко­ми­тетінің вице-президенті Юрий Пономарев қатысушыларға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Марафон қатысушылары мен қонақтары үшін арнайы шоу-бағдарлама дайындалды. Қашықтықты бағындырған жүй­ріктердің құрметіне эстрада жұлдыздарының концерттік бағ­дарламасы қойылып, спорт­тық шара нағыз мерекеге айналды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ