• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Мамыр, 2018

Алматыда былтыр «Жібек Жолы» бағдарламасы арқылы 165 кәсіпкер қаржыландырылды

353 рет
көрсетілді

Биылғы 26 сәуірге дейінгі нақты нәтижеге сәйкес «Даму» Қоры кәсіпкерлер ұсынған жалпы сомасы 661,2 млн теңгені құрайтын 42 жобаны қарауда. 

Жалпы сомасы 646 млн. теңгеге 44 жоба мақұлданған. Оған қоса сомасы 829,1 млн теңге болатын 54 несие берілген. Құжаттарды жинау сатысында жалпы сомасы 265 млн. теңгелік әлі 22 жоба бар. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Алматы қаласында, сауда және қызмет көрсету секторларының 60 пайыздан астамын құрайтындықтан, Алматы әкімдігі мен Даму Қоры бірлесіп «Жібек Жолы» атты өңірлік бағдарламасын іске асырды. Аталмыш бағдарлама «Бизнестің жол картасы -2020» шеңберінде басымдық тізімге енгізілмеген сауда, сұлулық салондары, жатақханалар және басқа салалардағы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы 2015 жылдың мамыр айынан жұмыс істей бастады.

«Жібек Жолы» бағдарламасының несиелеу шарттары:

Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және жұмыс істейтін шағын және орта бизнес ғана қатыса алады: Ең жоғарғы несиелеу сомасы бір кәсіпкер үшін 180 млн. теңге. Несие мерзімі: жаңа негізгі қаражат алуға және жетілдіруге – 84 айға дейін; айналым қаражатын толықтыруға – 36 айға дейін. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі - жылдық 7%. Негізгі қарызды өтеудің жеңілдік мерзімі - 12 айға дейін;

2017 жылдың нәтижесі бойынша «Жібек Жолы» бағдарламасы арқылы 165 кәсіпкер қаржыландырылған.

Сондай-ақ, 2017 жылдың қарашасында қосымша 3 транш бойынша 2,7 млрд.тенге бөлінді. Бұл орайдабанк серіктестері «Нұр Банк» АҚ, «Форте Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Народный Банк» АҚ болып табылады.

Биылғы жылдың 26 ​​сәуіріндегі жағдай бойынша 582 млн теңгені құрайтын 11 кәсіпкер қаржыландырылып, 15 кәсіпкерлердің жобалары қарастырылуда.

Айта кету керек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қаржылық қолдауымен энергия үнемдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдайды, – деді Едіге Марғұлан.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар