• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Мамыр, 2018

Инвестиция апталығы аясында түрік кәсіпкерлерімен 30-дан астам кездесу өткізілді

207 рет
көрсетілді

Инвестиция апталығының қорытындысы бойынша инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов басшылық еткен Қазақстан делегациясы Түркияда ірі түрік холдингтерімен 30-дан астам кездесу өткізді. Инвесторлармен кездесулер «Kazakh Invest» ҰК және ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Кездесуде Ronesans Holding басқарма төрағасы Эрман Ылыджак Қазақстанда МЖӘ тетігі бойынша ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Қазақстан тарапынан бірқатар МЖӘ жобалары ұсынылды.

YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу барысында инвестициялар және даму вице-министрі компания «Ақтау халықаралық әуежайын» сенімді басқаруға алу арқылы, Қазақстанда МЖӘ тетігі бойынша алғашқы инвесторлардың бірі болғанын атап өтті. 2018 жылы Ақтау қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мен оны пайдалануға беру жөнінде концессия шарты жасалды. Бүгінде компания Астана қаласында мектеппен біріктірілген бала бақша құрылысының жобасына қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан делегациясы Calik Holding басшылығымен кездесті. Компания «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-мен бірлесіп, Қарағанды облысындағы Оңтүстік Мойынты аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниет білдірді. Өз кезегінде, оның еншілес ұйымы Calik Energy қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр стансасын салу жобасын жүзеге асыруға ниетті.

Dal Holding-пен кездесуде Ақтөбе облысындағы газ электр стансаларының есебінен электрмен, жылумен және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілетін жылыжай кешенінің жобасы, сондай-ақ, Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 75 000 тонна барит концентратын өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысын салу және оны пайдалануға беру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ инвестиция апталығы аясында Dal Holding, Calik Holding, Eczacıbaşı Holding, Yildirim Holding, Bak-Ay Tekstil, Betek Boya Kimya, Merkez Asya Madencilik, Yasar Holding, Petronet Holding, Yildizlar SSS Holding, Anadolu Birlik Holding, Sanko Holding, Matli Holding, Tarim Kredi Holding, Abdi Ibrahim, MLPCare Holding және т.б. компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізілді.