Елордада болған қатты дауыл мен бұршақты нөсерден Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері қирады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
«Әзірге қатты дауылдан мұнаралық кранның құлағаны белгілі. Бейбітшілік және Келісім сарайының витражды әйнектеріне зақым келді», деді Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов.
Куәгерлердің хабарлауынша, мұнаралық кран Алматы-Түркістан көшелерінің қиылысындағы құрылыс аумағында құлаған.
Айта кетейік, Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Салдарынан қаладағы бірқатар нысанға зақым келді. Дауыл салдарынан қала аумағындағы қоршаулар қирады.
Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді.