• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2018

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

623 рет
көрсетілді

Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

40 жастағы Е. Дауылбаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін кеден істерін ұйымдастыру және басқару, заңгер мамандықтарымен, сондай-ақ Ресей кеден академиясын бітірген.

1999-2009 жылдары кедендік бақылау департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған. 2010-2012 жылдар аралығында ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлімін басқарған, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған. 2012-2017 жылдары кедендік бақылау департаменті басқармасында, құрылыс басқармасына басшылық қызметте болды, «Агро НК-А» ЖШС директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары  болған. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан бері Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.