Үстіміздегі жылдың ақпан айында халықтық дауыс беру арқылы ең үздік Баян Сұлу образын таңдау шарасы басталған-ды. «BAYAN SULU-2018» Халықтық бейне – Халық таңдауы» бастамасының демеушісі қостанайлық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы болатын.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЖобаға қатысуға 18-35 жас аралығындағы қазақстандық қыз-келіншектер шақырылған. Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, тиісті мерзім ішінде өтініш білдірушілер саны жиырма мыңнан асып, іріктеу кезеңінен үш мың қатысушы өткен.
Ал 13 мамыр күні өткен онлайн-дауыс беру нәтижесіне орай республика бойынша ең көп дауыс жинаған 5 қатысушының есімі анықталып, финалдық кезеңге жолдама алған еді. Олардың қатарында Адинай Римхаш (Астана), Жанар Сәкенова (Атырау), Әйгерім Қалиева (Алматы), Мәдина Лепесбай (Ақтау), Қорлан Мұрат (Алматы) бар.
Ақтық бәсеке 19 мамыр күні өткізілді. Финалға қатысушыларды құрамына танымал тұлғалар мен еліміздің мәдениет саласының өкілдері кірген қазылар алқасы бағалап, жүзден жүйріктерді анықтады. «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының өкілі және ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марлен Абылғазиновтың айтуынша, үздіктерді анықтау, әрине оңайға соққан жоқ. Финалға өткен бес жеңімпаздың әрқайсысы жеңіске әбден лайықты. Әр арудың табиғаты да, таланты да ерекше екендігі анық.
Финал шартына сәйкес байқау талаптарын жақсы көрсеткіштермен орындап, қазылар алқасының көңілінен шыққан, биязылық пен әдемілікті, инабаттылықты көрсете білген 19 жастағы астаналық Адинай Римхаш республикалық байқауда үздік шықты. Жеңімпаз аруға автокөлік сыйға тартылды. Сонымен бірге Адинай Римхаш жыл бойына «Баян Сұлу» кондитерлік маркасының ресми бейнесін ұсынатын болады.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ