Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асып жатқандығы белгілі.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьОсыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар мен студенттерді қазақ тіліне аударылған 18 оқулықпен таныстыру шарасы өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.
Университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Бисенов оқулықтар білім саласындағы жаһандық бәсекеге бейімделген мамандарды даярлауда маңызы зор екендігін айтты.
Жиында ф.ғ.к., профессор А.Абасілов «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Тіл біліміне кіріспе», э.ғ.к., Н.Құлмырзаев «Төртінші индустриялық революция», с.ғ.к., С.Сахиев «Әлеуметтану теориясы», «Әлеуметтану негіздері», э.ғ.к., М.Өмірзақова «Экономика» оқулықтары бойынша пікір-көзқарастарын білдіріп, олардың білікті кадрлар даярлауға жәрдемдесетіндігін айтты.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына 3540 дана кітап жеткізілді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»