• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2018

Қ.Келімбетов: АХҚО Қытайдың ішіндегі Гонконг сияқты дербес жұмыс істейді

299 рет
көрсетілді

Петербург халықаралық экономикалық форумының «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты сессиясына қатысқан Қ.Келімбетов АХҚО жұмысының ағылшын құқығының принциптеріне негізделетінін айтты.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы ағылшын принциптеріне негізделеді, дүниежүзілік озық тәжірибелер қолданылады. Бұл орталық – жеке қаржылық реттеу жолдары бар, дербес Соты мен Төрелік (арбитражный) орталығы бар өз алдына бөлек экожүйе. Ол Қытайдың ішіндегі Гонконг сияқты дербес жұмыс істейді. Бұл тікелей шетелдік инвестиция тартуға бағыт ұстанатын арнайы экожүйе,– деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Орталық жұмысына халықаралық инвесторлар қызығушылық танытып отыр.

Қаржы орталығында халықарлық биржа құрылғанын айтқан Қ.Келімбетов форумға қатысушыларды Орталық жұмысымен танысуға шақырды.

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан»