«QAZSPORT» телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына қатысқысы келетін азаматтардан 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.
Өтінім беру шарттары:
1. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы реалити-шоуға қатысуға өтінім бере алады. 2. 18-28 жас аралығындағы қатысушылар сынға түсе алады. 3. Салмақ категориясы: 65,8 4. Дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты болу керек. Үміткер физикалық тұрғыдан мықты, дені сау болуы қажет. Созылмалы ауруы болмауы тиіс. 5. Спортта тәжірибесі және әуесқойлар жекпе-жегінде қандай да бір жетістіктері болуы қажет. (ММА, қол жұмсайтын ұрыс, самбо, бокс, күрес, кикбоксинг, муай-тай, карате, таэквондо, джиу-джитсу және т.б.) 6. Қатысушының көпті қызықтыра білетін қасиеттері болуы тиіс. ЕСКЕРТУ: Кәсіби жекпе-жекте тәжірибесі бар және кәсіби промоушндармен келісімшарт жасағандар РЕАЛИТИ-ШОУҒА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ ( ұйымдастырушылар барлық үміткерлер жайлы мәліметті тексеруден өткізеді).
ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 1. Қатысу талаптарын орындау 2. Толтырылған сауалнаманы жіберу. 3. Жалаңаш кеудеде сайыскерлік тұрыспен түскен сапалы суретіңізді жіберіңіз. 4. Сканерден өткен диплом, сертификаттарыңыз бен әуесқойлар жекпе-жегіне қатысқаныңызды растайтын анықтаманың электронды нұсқасын жіберіңіз. (Шақыру алсаңыз, барлық құжаттардың түпнұсқасын әкелуіңіз қажет) 5. Форма № 86 анықтамасы мен көкірек қуысының рентгенге түсірілген кескіні қажет. Электронды нұсқада. 6. Осы ақпараттарды мына мекен-жайға жіберіңіз: qazfighter@gmail.com
Өтінімді 2018 жылдың 12 маусымына дейін толытырып жіберу керек.
Іріктеу кезеңінен өткен барлық үміткер кастингке шақыру алады. Финалдық турдың іріктеуіне дейінгі келіп-кету және тұру шығындарын үміткердің өзі төлейді. Егер ұйымдастырушылардан шақыру алмаған болсаңыз, алғашқы іріктеу турынан өтпегенсіз. Бас жүлде - 5 000 000 теңге