• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы №254

409 рет
көрсетілді

2010 жылғы 10 қыркүйек   Астана қаласы

Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, бұйырамын:

1. Мыналар:

1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Техникалық және кәсіптік білім беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

5) «Жоғары оқу орнының есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

6) «Жоғары оқу орнының есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1311104, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

7) «Тұруды қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі ұйымның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1401104, индексі 3-әлеуметтік қамсыздандыру, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;

8) «Тұруды қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі ұйымның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1401104, индексі 3-әлеуметтік қамсыздандыру, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;

9) «20____ жылғы оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептің есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1321104, индексі ЖМ-1, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;

10) «20____ жылғы оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептің есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1321104, индексі ЖМ-1, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;

11) «Кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептің есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1391104, индексі ЖМ-5, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;

12) «Кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептің есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1391104, индексі ЖМ-5, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;

13) «Мектепке дейінгі ұйымның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1331104, индексі 85-К, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес;

14) «Мектепке дейінгі ұйымның есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1331104, индексі 85-К, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;

15) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік сырқаттар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1381104, индексі 7-ЖКС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;

16) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік сырқаттар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1381104, индексі 7-ЖКС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес;

17) «Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1361102, индексі Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес;

18) «Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1361102, индексі Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес;

19) «Білім беру ұйымының көрсеткен қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1371102, индексі Білім беру қызметтері, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес;

20) «Білім беру ұйымының көрсеткен қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1371102, индексі Білім беру қызметтері, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес;

21) «Денсаулық сақтау (әлеуметтік қызмет) ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1351104, индексі Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес;

22) «Денсаулық сақтау (әлеуметтік қызмет) ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1351104, индексі Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес;

23) «Білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1341104, индексі Әлеуметтік қаржы (білім беру), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес;

24) «Білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1341104, индексі Әлеуметтік қаржы (білім беру), кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға Ә. СМАЙЫЛОВ

ТОЛЫҚ МӘТІН