Қаладағы №11 мектептің 9 сынып оқушы қызды әкесі пышақтап өлтірген. Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта судья Жасұлан Асылбеков Сергей Клепиковке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына үкім оқыды.
2004 жылы өзінің әйелі – Оксананың анасын өлтіріп, 14 жылға сотталған қылмыскер 2016 жылы мерзімінен бұрын босанып шыққан болатын. Қызы Оксана Сергейдің қарындасының қолында тәрбиеленіп жатқан. Кешке қарай ішіп келген Сергей үйге кіре берісте қызына пышақ салады. Қызының қан жоса болып жатқанын көрген соң, пышақты өзіне салады, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалады.
Оксананы ұстаздары мен сыныптастары тек жақсы жағынан еске алады. Ол сабағына да үлгерген және спортпен айналысқан.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ, «Егемен Қазақстан»