Вильнюс әуежайы «SCAT» қазақстандық авиакомпаниясымен орындаған Астанадан алғашқы тұрақты рейсті қабылдады.
Литва астанасының әуежайы қазақ тарапына қонақжайлылық таныттып, осындай жағдайларға дәстүрлі, ұшақты екі өрт болдырмаушы арқылы жасаған су арқа арқылы өту рәсімі өткізді.
Қазақстан мен Литва арасындағы әуе қатынасты табысты іске қосылуына байланысты Вильнюс әуежайында бірінші рейспен келген қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтті.
«SCAT» авиакомпаниясының PR-қызметінің бастығы Виктория Старожилова журналистерді Астана мен Вильнюстің аптасына екі рет (әр бейсенбі және жексенбі) ең ыңғайлы және қымбат емес рейстердің бірімен байланыстыратын тікелей рейс бойынша негізгі техникалық және коммерциялық ақпаратпен таныстырды.
Литва аэропорттар компаниясының SEO Мариус Гелжинис пен Литваның Қазақстандағы Елшісі Витаутус Наудужас журналистерге Литва туристік әлеуеті туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігінің кеңесшісі Сержан Қадырбаев тікелей рейстін ашылуы екі ел арасындағы экономикалық диалогты әртараптандыруға, өзара инвестициялардың жаңа перспективаларын ашуға, жоғары технологияларды енгізуге, медициналық және білім беру жобаларын дамытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.