• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тарих 31 Мамыр, 2018

Қазыбайдың бауы (әңгіме)

560 рет
көрсетілді

Бала кезден үлкендердің әңгімесіне құлақ түріп жүретін әдетім бар. Ағайын бас қосқан жерде «Анадан ұрпақ қалды, мынадан жоқ, сыртта пәлен бала жүр...» дегендей сөздердің де айтылатыны жадында қалыпты.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Сол үлкендердің, әке-шешемнің естеліктерінен отызыншы жылдары елді жайлаған ашаршылық, қырқыншы жылдары сұрапыл соғыс болғанын білеміз. «Соғыста жоқ боп кеткен» дегенді жиі еститінбіз, әкем туған ағасын, аталас туыстарын, анам өз бауырларын айтатын.

Ауылда жеміс ағаштары көп болатын. Әр үйдің ауласында алма, өрік, алмұрт, шие ағаштары жайқалып тұратын. Сол үлкендердің әңгімесінен мұның бәрі «Қазыбайдың бауынан» қалғанын білеміз. Ауылдың шетіндегі қураған ағаштан басқа түк қалмаған тоғайды неге олай атайтынын түсіне бермейтінбіз. Тандырға отын жинауға әжеммен ілесіп бала кезде талай барғанмын.

Арада көп жыл өткенде Тайыр ағамнан «Қазыбай бауының» тарихын естідім. Алматының шет жағында Қарғалы деген жерде тұратын Тайыр аға өмір бойы қалада тұрып келе жатқан, кезінде дөкей қызмет атқарған кісі болса да бойында таза қаза­қылығы сақталған, тұла бойы­нан кісілігі мен бекзаттығы есіп тұратын, адамды бір көр­геннен танитын сұңғыла­лығы бар ғажап жан.

Ағамның айтуынша, ежелден Оңтүстікті емін-еркін жай­лап өсіп-өнген Қоңы­рат­­­тың Құлшығаш руынан та­рай­­тын Байтелі, Будан, Әлібек ұрпақтары 1928 жылы Қызылқұм ауданында (Шар­­дара) Еңбекші колхозын құрып, Сырдария өзені­нің Жау­шы­құмнан шығыс­қа бұры­лып, бес-алты ша­қырым­нан соң тіке солтүстікке бұры­латын иінінде тоғай сыртын қоныстанған екен.

«Сол жылдардағы ел ішіндегі үркіншілік оларды да айналып өтпей, 1929 жылы дәулетті, өсіп-өнген біраз отбасы Кеңес өкіметінің қаһарына ұшырап, мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылады. Тайыр ағаның айтуынша, Будан атамыздан тарайтын дәулетті, оқыған азамат­тары көп шыққан, өсіп-өнген бір от­басы сол қара науқанға іліге­ді. Әулеттің үлкенінің атын Шақан деп айтып отырады екен қариялар. Жер ауда­рыл­ған сол әулеттің үлкендерінен ешкім қайтпапты, сол бойы ұшты-күйлі жоғалған. Сүйек­тері қай жерде қалды, ұрпақ қалды ма, жоқ па, беймәлім. Тек Тәшкен жақта бір өзбек отбасы 7-8 жасында балалар үйінен асырап алған Қазыбай 16-17 жасында елге келіп қосылады. Ол заманда (1935-1936 жж.) ел малынан айырылып, ашаршылықтан тірі қалғаны есін енді жиып жат­қан кез, түйекештерге іле­сіп Тәшкенге қыста сек­сеуіл, жазда арпа-бидай сабанын апарып сатып күнелтеді екен.

Елге келген бала Қазыбай «өзбек көргендігін» жасап, аңқау ағайындарын Тәшкен базарына бастап барып, сау­даға үйреткен көрінеді, қай­тарда алма, өрік, жүзім, тұт, акация көшеттерін ала келіп, «Еңбекші» колхозының сыртына егіп, бар уақытын сол ағаштарды күтуге арнайды екен, бір-екі жылда кәдімгі бау орнатады. Сыртынан айнала арық қазып, су жібереді.

Соғыстың алдында жеміс бере бастаған бау «Еңбекші» кол­хозын құрап отырған 45-50 үйдің құт-берекесіне айна­лып, қырық жыл бойы әже­тіне жа­рапты. Кей жылдары бау же­місін ауданның 10 колхо­зы­­ның адамдары жеп тауыса ал­майд­ы екен, әсіресе соғыс жыл­дары айналадағы ел түгел ат, есек арбамен тасып жеп күн көріпті.

Ал енді бүкіл елдің ырзы­ғы­на айналған, қанша жыл асыраған осындай ғаж­айып бақ орнатқан Қазыбай­дың тағ­дыры не болды, соған келейік. Ел іші, ағайын дегенмен «бес саусақ бірдей емес», мүмкін әлдебіреулердің көреалмауы, көрсетуімен болар, «халық жауы­ның ұрпағы, ел ішіне іріт­кі салған» деген айыппен 15 жылға сотталып, әкесінің, аға­ларының ізімен Сібірге жер аударылады. Содан тек 13 жылд­ан кейін бостандыққа шы­­ғып елге оралады. Бірақ аға­йыны қоныстанған, кіндік қаны тамған, әрі-беріден соң бая­ғы өзі талай жыл маңдай тер, білек күшін сарп етіп бақ орнатқан «Еңбекші» ауылы­на қайтып ат ізін салмапты. Шека­ралас өзбек жерінде (Киров ка­на­лының бойында) қалған өмірін өткізіп, дүниеден өтіпті.

Алпысыншы жылдардың ортасына қарай үлкен арықпен су келмей Қазыбайдың бауы бірте-бірте түгел қурайды. Қалған 10-15 жыл ағаштары елге отын болып, ол да әжетке жарайды. Бүгінде орны да жоқ, жол төселіп, ел қоныстанып кеткен жерде бір кезде жеміс ағаштары сыңсыған қалың бау болғанын тек көзкөргендер ғана еске алады...

Меруерт ЕСЕНБЕКҚЫЗЫ,

журналист