• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2018

Алматыда ашаршылық құрбандарына тағзым етті

369 рет
көрсетілді

Алматыда қоғам қайраткерлері, репрессия және ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарын еске алып, тағзым етті.

«Қарағайлы» скверінде 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіштегі қолына бауырына баласын құшқан ананың бейнесі нәубет жылдарды еске түсіріп, қазақ халқының ауыр тағдырының хабаршысындай көңілдерді жабырқатады.

Қала әкімі Бауыржан Байбек  ел басына күн туған сол қаралы күн тарихының қазақ халқының жадынан өшпейтіндігіне тоқталып, «Бұл – Елбасы атап өткендей, «ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым және келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажетті тағылым», деп атап өтті.

- Сол бір қасіретті жылдарда халқымыз еңсесін тік көтеріп қана қоймай, қазақ  топырағына жер аударылған өзге ұлт өкілдерін бауырына тартып, қамқорлығына алды. Бүгінде басты байлығымыз – Тәуелсіздігіміздің арқасында бір шаңырақтың астына жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдерін сыйдырған қазақ халқы бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналып отыр.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ