• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2018

Маңғыстау тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті

689 рет
көрсетілді

Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кездесу өтті.

Іс-шараға  этномәдени бірлестіктердің өкілдері, осы оқиғалардың куәгерлері және олардың ұрпақтары, сондай-ақ жергілікті тұрғындарыда қатысты. Жиында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, Жалау Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Ресми мәліметтер бойынша , Маңғыстау облысында 950 адам қуғын-сүргінге ұшырады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде айтқандай «тарих сабақтары тек қазақстандықтардың қазіргі заманғы ұрпағы түсінген және жүзеге асырған кезде құндылығы бар болып саналады».  20-ғасырда біздің халқымыздың бастан кешірген оқиғалардың сенімді кепілдігі-әлеуметтік бірлік, этносаралық келісім, тұрақты экономика және Қазақстанның жоғары халықаралық беделі. Бастан кешкен қайғылы оқиларды қайталамас үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуіміз керек.

Сондай-ақ, Ақтауда салтанатты митингтер, қуғын-сүргінге орай фильмдер мен спектакльдер көрсетілді. Маңғыстау облыстық драма театрында «Болашақ үшін естелік» спектаклі көрермен назарына ұснылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы