• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Маусым, 2018

Алматыда 80 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

408 рет
көрсетілді

Елімізде 34 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

"Бүгінде осы инфекцияны жұқтырды деген күдікпен 128 адам ауруханаға жеткізілді. 82-сі ауруханадан шығарылды. 12-сі қайтыс болды. Қазір тағы 34 науқас ем алып жатыр, олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деді министр брифинг барысында.

Оның айтуынша, инфекция ең көп таралып жатқан өңір - Алматы. "Жыл басынан бері Алматыда 80 адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, олардың 35-і расталмады. Тағы 13 науқас тексерістен өтіп жатыр. Бізде сараптамалық тексеріс бес тәулікке дейінгі уақытты алады", - деп нақтылады Біртанов.