• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2018

Букер сыйлығының елу жылдығының құрметіне Алтын Букер сыйлығы тағайындалды

404 рет
көрсетілді

Ағылшын тілінде жазылып, Британияда, я Ирландияда жарық көрген үздік романға берілетін беделді Букер сыйлығының елу жылдығының құрметіне Алтын Букер сыйлығы тағайындалды. Елу жылда жүлде алған романдардың арасынан уақыт сынына төтеп берген үздік бес роман анықталған.

Соңғы елу жылдағы үздік бес романды қазылар алқасындағы бес адам саралаған. Олар: жазушы, редактор Роберт Маккрум 1971 жылғы сыйлықтың иегері Видиадхар Найпаулдың «Еркін елде» романын, ақын Лемн Сисей 1987 жылғы жеңімпаз Пенелопа Лайвлидің «Ай барысы» романын, романист Камил Шамси 1992 жылы Букер сыйлығына лайық болған Майкл Ондатженің «Ағылшын пациент» романын, романист, тележүргізуші Саймон Майо Хилари Мантелдің 2009 жылы үздік деп танылған «Арлан алаңы» романын және ақын Холли Макниш былтырғы жеңімпаз Джордж Сондерстің «Бардодағы Линкольн» романын үздік деп тапқан.

Букер сыйлығы қорының басшысы, баронесса Хелена Кеннедидің пікірінше, бұл қысқа тізім Букер сыйлығының ең үздік көркем шығармаға берілетінін айғақтайды. Осы тізімнің ішінен жеңімпаз сыйлықтың веб-сайтында 26 мамыр мен 25 маусым аралығында дауыс беру арқылы анықталады. Же­ңім­пазды Букер сыйлығының елу жылдығына арналған 6-8 шілде ара­лығында Лондонда өтетін жабық фес­тивальда жариялайды. Алтын Букердің иегері кім боларын Астана күнінде білетін боламыз.

 Халықаралық Букер сыйлығы 2005 жылдан бастап Букер сыйлы­ғы­на қосымша ретінде бөлек сыйл­ық болып табысталып келеді.Сыйлық ағылшын тіліне аударылып, Британияда жарық көрген ро­ман­­дарға беріледі.

2018 жылғы маусымның үздік жа­зушысы Лондондағы Виктория мен Альберт музейінде анықталды. По­ляк жазушысы, ақыны Ольга То­кар­чук сыйлық лауреаты атанды. «Бегуны» романын ағылшын тіліне аудар­ған – Дженнифер Крофт. Сый­лықтың шарты бойыншы 67 мың АҚШ доллары болатын сый­ақы автор мен аудармашының арасын­да теңдей бөлінеді.

Ольга Токарчук Польшада танымал, бірнеше бестселлердің авторы. Халықаралық Букер сый­лы­ғын алған тұңғыш поляк жа­зу­шы­сы болып отыр. Вар­шава уни­вер­­ситетінде психолог ма­мандығын алған Оль­га­ның шы­ғар­машылғына Юнгтың әсе­рі байқалады. Алғашқы өлеңдер жи­нағы 1989 жылы жарық көрген. Осы күні 8 романның, 2 әңгімелер жина­ғы­ның авторы. Жазушылықпен қоса жыл сайын өзі тұратын төменгі Силе­з­ияда әдеби бутик фестивалін ұй­ым­дастырады.

Аудармашы Дженнифер Крофт по­ляк, украин, испан тілдерінен ер­кін аударма жасайды. Көркем аудар­ма мамандығы бойынша Айова штатының университетін тә­мам­даған.

Дайындаған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»