9 маусымда Израиль мен Аргентина арасындағы жолдастық матч өткізілмейтін болды. Бұл шешімді Аргентина футбол Ассоциациясы қабылдады. Бұған себеп палестиналықтардың қарсылықтары мен ерсі әрекеттері болды.
Екі команда арасындағы жекпе-жекті тамашалау үшін жанкүйерлер матч билеттерін 25 минут ішінде сатып алғаны хабарланды.
Палестина футбол федерациясының төрағасы Джибриль Раджуб ойынның өткізілмеуі себебі израиль басшылығының бұл матчты саяси құрал ретінде өткізбекші болғаны жөнінде пікір білдіреді. Сонымен қатар, ол араб және мұсылман жанкүйерлерін Леонель Мессидің суреттерін өрттеп жіберуін уағыздаған.
Палестиналық футболшылар бұрын да аргентина құрамасының Барселонадағы жаттығу базасының алдында түрлі қарсылық акцияларын өткізген еді.
Әлем чемпионатының алдындағы бұл матч аргентиналықтар үшін соңғы матчтардың бірі болуы тиіс еді. Бірақ, аргентиналықтардың бас бапкері Хорхе Сампаоли әлем чемпионатының алдында Барселона жерінде бір кездесу өткізетіні туралы мәлімдеді.
Ботагөз Амалбекова,
Миражан Махан,
1 курс студентері