• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Желтоқсан, 2011

Облыс әкімдігінің кіші залында «20 жұл­­­дыз­ды күн» шеңберінде Азамат­тық қоғам инс­­­ти­­туттары күні аталып өтті

351 рет
көрсетілді

Оған үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыс әкімі Серік Біләлов ашып, еліміздің жоғары жетістіктеріне, Тәу­елсіздіктің нығаюына, дамуымыз­дың басым бағыттарын түсіндіруде бұ­қаралық ақпарат құралдарының зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Үкіметтік емес сектор билік пен қоғам арасында түсінікті үнқатысу орнатуда, әлеуметтік және экономикалық реформа­лар­ды жү­­зе­­ге асыруда мемлекеттің сенімді серігі болып табылады, деді аймақ басшысы. Сосын ол ел Президентінің Жар­лы­ғымен бір топ солтүстік­қазақ­стандық­тар­ға “Қазақ­стан Республикасының Тәу­ел­сіз­ді­гіне – 20 жыл” мерекелік медалін табыс етті. Олар­дың арасында респуб­ли­калық «Егемен Қа­зақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Өмір Есқали, “Қызылжар-Ақпарат” КМК ди­ректоры – бас редактор Кәрібай Мұсыр­ман, облыс­тық «Северный Казахстан» газе­тінің редакторы Николай Дроздецкий, “Қа­зақ­­­стан” РТРК облыстық фи­лиалының ди­ректоры Ерлан Тоқшылық, “Қызылжар нұ­ры” газетінің шеф-редакторы Зарап Құ­са­йынов және басқалар бар. Сондай-ақ өңіріміздің қоғамдық-сая­си өміріне белсене қатысқаны үшін бір­қатар БАҚ қызметкерлері мен үкіметтік емес ұй­ымдардың өкілдеріне облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, Қазақстан Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының құрмет грамоталары берілді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарса­ңын­да бұқаралық ақпарат құралдары ара­сында төрт аталым бойынша облыс әкімінің сыйлығына жарияланған кон­курстың қорытындылары шы­ғарылып, оның жеңімпаздары марапат­талды. «Мер­зімді баспасөздегі үздік мақала­лар» ата­лы­мы бойынша Ө.Есқали же­ңім­паз ата­нып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Нұрсайын ӘБУ-ШӘРІП, журналист.

Солтүстік Қазақстан облысы.